LRT жүйесіне жұмысқа қабылдау басталды
LRT-ға жұмысшы керек. CTS компаниясы бос орындардың тізімін жариялады. Станция бастықтары, диспетчерлер, техниктер, электр монтерлер мен дәнекерлеушілерді іздеп жатыр. Қызметкерлер елде не Қытайда алты ай бойы арнайы дайындықтан өтеді. Айлықтың көлемі әзірге белгісіз. СTS: «ол жайында үміткермен сұхбат кезінде келісеміз», - дейді. Ал талаптар мынадай.
Манарбек Құлмұқан, «City Transportation Systems» ЖШС көлік мамандарының біліктілік орталығының директоры:
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар - теміржол немесе соған қатысты техникалық салада еңбек өтілі екі жылдан кем болмауы керек. Сондай-ақ негізгі ізделіп жатқан мамандар 50 адамнан астам. Оқыту мерзімі 4 айдан 6 айға дейін.
Еске салсақ, LRT-ның келесі бағыты Қосшы қаласына дейін тартылады. Әуежайдан Нұрлы жол вокзалына дейінгі бағыттағы құрылыс қазір аяқталуға жақын. Келер жылы толық іске қосылмақ. Қосшыға дейін тартылатын тармақтың біраз бөлігі жерүстімен жүргізіледі. Құрылысы шамамен 1,5 жылдың ішінде аяқталады. Ал үшінші кезекте Сығанақ көшесіндегі бағыт созылып, Тұран көшесі арқылы оң жағлауға өтіп, ескі вокзалға дейін барады.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17