Сарапшы: Жалған ақпаратпен күресетін жаңа технологияларды талқылауымыз керек
Астана форумында сарапшылар жаһандық сын-қатерлердің алдын-алу жайын қозғап, нақты ұсыныстарын айтып жатыр. Жиында Қазақстан үшін ғана емес, әлем елдері үшін өзекті, күн тәртібінде тұрған мәселелер талқыға түсуде. Яғни, форум ортақ бір мәмілеге келетін алаң. Жиналғандар осылайша халықаралық байланыстарды нығайтатуға мүмкіндік бар дейді.
Шарлотта Кан, халықаралық журналист:
Дәл осы Астана халықаралық форумына қатысуға мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын. 2019 жылы да Қазақстанда экономикалық форум болған еді, содан бері Қазақстан жері диалогқа ыңғайлы үлкен алаңға айналды. Әсіресе жердің мәселесіне, климаттық өзгеріс, гендерлік теңдік сынды мәселерге қатысты пікір алмасу маңызды деп білемін.
Арфуш Валид, халықарлық медиа менеджер:
Жалған ақпарат қазіргі қоғамда жиі кездеседі. Бізге қайсысы шын, қайсысы жалған екенін ажырата білу керек. Менің ұсынатын идеям жалған ақпаратпен күресетін жаңа технологияларды талқылауымыз керек. Әсіресе қазір жасанды интеллект арқылы адамның даусын, бетін өзгертіп, жалған ақпарат айту қаупі бар.
Мохаммед Рашид Маанину, Марокко елшісі:
Иә, форум қызықты өтіп жатыр. Себебі мұнда қазіргі әлемдік, жаһандық мәселелер туралы маңызды диалогтар болып жатыр. Энергия саласы қазіргі күнде өзекті. Энергияның 35 пайызы күн мен желден алынады. Бұл көрсеткіш 5-10 жылдан кейін 55 пайызға жетеді. Қазақстанның да мұндай көрсеткішке жетуіне әлеуеті жоғары.
Ақмаржан Ғафизқызы
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда «Қыран елім – Қазақстаным!» салтанатты іс-шарасы өтті
25.10.2025, 18:01
Ақтөбеде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша жаңа мектеп ашылды
25.10.2025, 17:33
Мәдениет және ақпарат саласы үздіктеріне мемлекеттік награда табысталды
25.10.2025, 17:32
Президенттің атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті
25.10.2025, 17:32
Н.Ахмедова Әлем чемпионатында қола медаль еншіледі
25.10.2025, 17:30
Алматыда асыл тұқымды тазы иттерінің көрмесі өтіп жатыр
25.10.2025, 17:30
Абай облысында жаңа саябақ ашылды
25.10.2025, 17:30
Қазақстан Республикасы Президентінің үстел теннисінен Халықаралық Ашық Кубогы басталды
25.10.2025, 17:30