Алматыда полицей әріптесіне абайсызда оқ атқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда полицей әріптесіне абайсызда оқ атқан

05.06.2023

Алматылық полицей өз әріптесін атып өлтірді. Оқыс оқиға бүгін болған. Қалалық полиция департаменінің мәліметінше, оқты 28 жастағы сержант атқан. Ол марқұм әріптесімен тамақтануға арналған бөлмеде болған. Оқ Макаров қызметтік қаруынан атылған. Куәгердің айтуынша, полицейлер арасында жанжал болмаған, олар жай ғана сөйлесіп отырған.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

Полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда оқ атқанын, ол алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болғанын хабарлайды. Аталған дерек ҚР ҚК 104 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Полицей шетел азаматына күш қолданған

Полицейлердің қатысуымен Алматыда тағы келеңсіз жағдай тіркелді. Әлеуметтік желіде құқық қорғау қызметкерінің есікті ашпақ болған шетел азаматына дөрекілік көрсеткен видеосы тарады. Тәртіп сақшысы күш қолданып, әйелді итеріп, құлатып жіберген. Полиция департаменті аталған дерекке қатысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу