Президент бес елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Елдестірмек елшіден. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы бес елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Пәкістан, Оңүстік Корея, Филиппин, Шри-Ланка және Ангола республикаларының өкілдері Президентке сенім құжатын тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев оларға Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, екіжақты ынтымақты одан әрі нығайту ісінде табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстан бейбітшілікке негізделген сыртқы саясат жүргізеді. Біз ынтымақтастыққа, соның ішінде сіздердің елдеріңізбен тығыз қарым-қатынасқа ашықпыз. Сіздердің миссияларыңыз өте табысты болады деп сенемін. Қазақстан Үкіметі мен Президент Әкімшілігі Қазақстандағы миссияларыңызға қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Сіздердің елдеріңізбен ынтымақтастықты нығайта отырып, зор нәтижеге қол жеткізе аламыз деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талдықорғанда көгалдағы хоккейден Азия кубогы басталды
24.06.2026, 13:27
Экологиялық бақылау күшейтілді
24.06.2026, 13:24
Алматылық дәрігерлер баланың бүйрегін аман алып қалды
24.06.2026, 13:21
Қандыағаш қаласында астан уланған адамдар 113-ке жетті
24.06.2026, 13:18
Қызылорда облысында мемлекеттік қызметке жастар араласа бастады
24.06.2026, 13:15
Ресей дизельдік отын экспортына тыйым салмақшы
24.06.2026, 13:12
Сенаторлар Трамптан Ирандағы соғысты тоқтатуды талап етті
24.06.2026, 13:09
Түркия қауіпсіздік күштері 209 адамды тұтқындады
24.06.2026, 13:06