Талдықорғанда «Жетісу көктемі» атты прозашылар байқауы өтті
Талдықорғанда «Жетісу көктемі» атты прозашылар байқауы мәреге жетті. «Жанр» әдеби клубы ұйымдастырған додаға 21 қаламгер қатысып, өз қабілетін сынап көрді. Байқау шарты бойынша еш жерде жарияланбаған шығарма көлемі 40 беттен 100 бетке дейін болуы керек. Мұндай талап жазушылардың ауқымды дүниелер жазып, шыңдалуына мүмкіндік береді. Қазылар алқасы үміткерлерді бағалау барысында жазушылардың есімі жасырын болды. Қаламгерлер де туындыны сараптайтын төрешілердің кім екенін білген жоқ. Байқау қортындысы бойынша алматылық мұғалім Самал Зікірияқызы жеңімпаз атанды. Жазушы додаға «Қасқыр емген кейуана» атты повесін ұсынған болатын.
Самал Зікірияқызы, байқау жеңімпазы:
Бала кезімде естігем. Бұл бәйгеге жетуіме сол аталарым себепші болды деп айта аламын. Өйткені сол кішкентай күнімнен Сол кісілердің ғибратын еміп өстім. Пісіп тұрған шығарма болатын. Тек соқтасын сордым, ұсындым. Бірінші орын алам деп ойлаған жоқпын. Толқып тұрмын.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Президент Атырау облысының әкімін қабылдады
27.07.2026, 17:00
Қосшыда халық саны 100 мыңға жетті
27.07.2026, 16:57
Жыл басынан бері 13 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
27.07.2026, 16:57
Маңғыстауда ауыл тұрғындары әлеуметтік қызметтердің игілігін көруде
27.07.2026, 16:54
Қазақстан Халық партиясы «Мәңгілік классика» акциясын өткізді
27.07.2026, 16:52
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 16:49
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09