Түркия астанасында тұңғыш рет «Қымыз-fest» фестивалі өтті
Түркия астанасы Анкара қаласында тұңғыш рет «Қымыз-fest» фестивалі өтті. Қазақ этноауылында ұйымдастырылған шараға келген қонақтар ұлттық сусынымыздан дәм татты. Көпшілікті әсіресе желіге құлын байлау мен бие сауу тәсілі қызықтырды. Түркиялықтардың қымыз сусынынан хабары болғанымен, оның қалай дайындалатынын көбі біле бермейді. ТҮРКСОЙ ұйымы мен Қазақстанның Түркиядағы елшілігі ұйымдастырған қымызмұрындық аясында ұлттық ойындарымыз дәріптелді. Киіз үйде жайылған қазақы дастарханда ұлттық тағамдарымыз ұсынылды. Қымыздың бірнеше түрінен ауыз тиген меймандарға ұлттық сусынның ерекше қуаты мен денсаулыққа пайдасы туралы мағлұмат берілді.
Ерлан Байын, Қазақ этноауылының жетекшісі:
Осы алаңда қымыз бар. Жылқы бар. Биелер сауылады. Саумал бар. Қазақтың ұлттық тағамдары бешпармақ, әртүрлі тағамдар беріледі. Киіз үйде демалып кетуге жағдай жасаймыз.
Музаффер Кылыч, кинематограф:
Атажұртқа барып келгендей болдым. Қымызды алғаш рет 1993 жылы Қазақстанда іштім. Әрбір түркі баласы бұл табиғи сусыннан міндетті түрде дәм татуы керек деп есептеймін.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10