Қарағанды облысында газ тарту жұмысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында газ тарту жұмысы басталды

24.05.2023

Қарағандыда ауа ластанған. Теміртау мен Балқашта да жағдай мәз емес. Мәселені шешу үшін жер үйлерге газ тарту жұмысы басталды. Бірақ кәсіпорындардың проблемасын реттеу оңай болмай тұр. Теміртаудың ауасын Арселор Миттал комбинаты улап отыр. Кәсіпорынға 5 млрд теңге айыппұл салынған. Негізгі құрылғыларды жаңарту, айырбастау жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ қаланың көк түтіннен қашан арылатыны белгісіз. Облыс әкімі аймақтың дамуына қатысты брифинг өткізді. Алдағы уақытта тағы 11 жаңа кәсіпорын ашу жоспарланған. Басымдық - моноқалаларды дамытуға бағытталған. Нәтижесінде іргедегі Саран шаһарында индустриялдық аймақ кеңейіп жатыр. 6000 жұмыс орны ашылады. Кәсіпорындардағы қауіпсіздік мәселесі де өзекті. Әсіресе Арселор Митталда апат көп.

Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:

Арселор Миттал басшыларымен ай сайын кездесулер болады. Біздің жұмысымызда бүкіл сұрақты, жаңағы экология болсын, өнеркәсіптік қауіпсіздік болсын, жалақысы болсын, бәрін талқылап профсоюзбен бірге талқылайтын боламыз. Бұл жерде енді көп жұмыс керек.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу