Ақтөбелік жастар ойын алаңын қалыпқа келтірді
Ақтөбелік оқытушылар мен студенттер балалардың ойын алаңын қалыпқа келтірді. Жоғары политехникалық колледждің ұжымы бұл жолы Сазды өзенінің жағалауындағы саябаққа барып, әткеншектер мен турниктердің және қоршаулардың сынған жерлерін дәнекерледі. Белсенділер бұған дейін шаһардағы өзге де ойын және жаттығу алаңдарын тегін жөндеп берген еді. Сондай-ақ аумақты күл-қоқыстан тазартып, «Таза Қазақстан» акциясына қомақты үлес қосып келеді. Облыс орталығында соңғы бір жылда 15 нысан қалпына келтірілген. Биыл тағы 26-сын жаңарту жоспарланып отыр.
Дархан Шаңбаев, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің бөлім меңгерушісі:
Электр мамандарын, электр монтаждау, механик, оның ішінде слесарлеріміз бар, сондай мамандықтардағы мықты мамандар. Сонымен қатар сол мамандықты игеріп жатқан біздің шәкірттер, студенттеріміз бар. Оларға да бір жағынан үлгі болсын, осындай бір қоғамдық мүлік дейміз ғой, қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарау әрбір азаматтың міндеті.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00