Есірткі өндірген ағайынды Арыста ұсталды
Түркістан облысы, Арыс қаласында ағайынды екі жігіт синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған. Олардың жасырын қылмысы «Заң мен тәртіп» акциясы аясында Ішкі істер министрлігі жүргізген арнайы іс-шара кезінде анықталды. Жасырын есірткі зертханасын ашқандар қаланың шетінде орналасқан жеке тұрғын үйін пайдаланған. Сөйтіп синтетикалық есірткіні ірі көлемде заңсыз өндіріп келген. Тінту кезінде зертханадан реактор, колбалар, магниттік араластырғыш, канистрлер, пластикалық науалар мен есірткі өндіру белгілері бар өзге де құрал-жабдықтар тәркіленді. Қазір екуі де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Елдар Әбідкенов, ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
комитеті төрағасының орынбасары:
Оқиға орнынан тінту кезінде жарты тоннаға жуық сұйық мефедрон, 1,5 тонна прекурсорға сараптама тағайындалды. Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00