Шымкентте қылмыстық топты түрмеден басқарған
Шымкентте ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған қылмыстық топқа қатысты іс сотқа жолданды. Жалпы мемлекетке келтірген залал көлемі 1,3 миллиард теңгеден асады. Бір қызығы, схеманы ұйымдастырушы заңсыз әрекеттерді түрмеде отырып басқарған. Тергеу дерегінше екі бірдей колледжде 2018-2025 жылдар аралығында жалған оқуға қабылдау және жұмысқа орналастыру туралы бұйрықтар рәсімделіп, электрондық цифрлық қолтаңбалар пайдаланылған. Сондай-ақ орындалды деп көрсетілген жұмыстар бойынша жалған актілер арқылы қаржы игерілген. Азаматтар оқу орындарына тіркелгенімен, іс жүзінде білім алмаған. Бұдан бөлек, медициналық колледждің ақылы бөліміндегі студенттердің бір бөлігі мемлекет есебінен оқығандар ретінде рәсімделгені анықталды. Қылмыстық схемаға колледж басшылары, бухгалтерлер және өзге де байланысы бар тұлғалар қатысқан. Екі күдікті қамауға алынып,тағы үш адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған.
«Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі» іс жүзінде жұмыс істемеген және тек бюджет қаражатын алу үшін формалды құрылым ретінде пайдаланылған. Тергеу барысында күдіктілер 65 млн теңге көлеміндегі залалды ерікті түрде өтеген. Сот санкциясымен 3 пәтерге, оның ішінде Дубай қаласындағы пәтерге, 3 тұрғын үйге және 3 автокөлікке тыйым салынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы