Алматыда бірнеше үйдің мыңдаған тұрғыны судан тарығып отыр
Алматыда да бірнеше үйдің мыңдаған тұрғыны судан тарығып отыр. Оларға да ауыз су арнайы көлікпен жеткізіледі. Кеше түннен бастап Алматының Түрксіб ауданында, сол сияқты облысқа қарайтын Талғар ауданындағы бірнеше елдімекенге су беру уақытша тоқтатылды. Қазіргі жағдайды алматылық әріптесім Нұрсұлтан Тілектес жеткізуге әзір тұр.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Алматы қаласының бірнеше шағын ауданы мен Алматы облысы Талғар ауданына қарасты жеті ауылда кешелі бері су жоқ. Арнайы көліктермен тіршілік нәрін жеткізу ұйымдастырылған. Бірақ тасымалданған су бұқараның бәріне бірдей жетпей жатыр. Тұрғындардың сөзінше, арнайы көліктермен жеткізіліп жатқан су ішуге жарамсыз. Тек ыдыс-аяқ жуу мен басқа да қажеттіліктерге қолдануда. Жергілік атқамінерлер Түрксіб ауданы мен Талғар ауданының бірнеше елдімекеніне бүгін су беріледі деді. Бірақ апта соңында тағы тоқтатпақшы. Өйткені, су құбырлары өтіп тұрған Бұқтырма көшесі мен Құлжа күре жолындағы жол айрықтың құрылысы бітпей су мәселесі өзекті болатын түрі бар. Ал, жол салу ісі жылдың аяғына дейін жоспарланған.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда 14 мыңнан аса адам мәйіттік донор болуға келісім берді
02.04.2026, 20:59
Қоқыстан қалай табыс табуға болады?
02.04.2026, 20:58
Түркістанда «Жасыл аймақ» ағаш егу акциясы өтті
02.04.2026, 20:54
«Таңбалы: Бабалар коды» халықаралық көрмесі ашылды
02.04.2026, 20:52
Кәрім Меңдіханов Оралдағы жеке мектепте жаттыққан
02.04.2026, 20:50
Елімізде соңғы 5 жылда аутизмге шалдыққандар саны 5 есе көбейді
02.04.2026, 20:17
Қарағандыда жоғалған бала полиция мен еріктілердің арқасында аман-есен табылды
02.04.2026, 20:15
Еңбек құлдығына түскендердің арасында ІТ-мамандары басым
02.04.2026, 20:15