Көкшетауда жеті жыл бұрын басталған мектептің құрылысы әлі аяқталған жоқ
Көкшетау қаласында осыдан жеті жыл бұрын басталған мектептің құрылысы әлі аяқталған жоқ. 392 орындық білім ошағы жоспар бойынша екі жылда салынып, пайдалануға берілуі тиіс болатын. Соның салдарынан, екі бірдей ықшамауданда тұратын 600-ге жуық оқушы қалаға немесе көрші ауылға қатынап оқуға мәжбүр. Қазіргі уақытта мектеп құрылысы 90 пайызға дайын. Тек оның сыртқы әрлеу жұмыстары қалды, - дейді құрылысқа жауапты мамандар.
Үміт Тастанбек, қала тұрғыны:
Екі балам бар. Екінші және бірінші сыныпта оқиды. Мектепке қыста апарамыз. Қыста да, жазда да осылай тұрамыз автобус күтіп. Балалар жылайды. Мазасы кетеді. Осылай аялдамада тоңып тұрамыз.
Руслан Оспанов, Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:
Бүгінде біз мектеп құрылысын белгіленген мерзімде аяқтамаған компаниямен келісімшартты бұздық. Қайтадан конкурс жариялап, басқа мердігерлерді анықтадық. Қазіргі уақытта олар жұмысқа кірісіп кетті. Алдағы оқу жылына дейін нысанның құрылысы толығымен аяқталады деп жоспарлап отырмыз.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қазақстан халқына Жолдауын қазан айында жасайтынын айтты
13.09.2026, 20:05
Елімізде қандай салаларда маман тапшы?
13.09.2026, 20:00
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен US Open жарысының жеңімпазы атанды
13.09.2026, 19:59
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
13.09.2026, 19:57
Қытай көліктері Еуропа нарығына қалай әсер етіп жатыр?
13.09.2026, 19:55
Базалық мөлшерлемедегі өзгеріс: Ипотека нарығына әсер ете ме?
13.09.2026, 19:50
«БРИКС плюс» саммиті: Қандай мәселелер көтерілді?
13.09.2026, 19:46
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17