Биыл ауызсу тапшылығына қатысты 9 мың шағым түскен
Құбырлардың жиі жарылуынан тұрғындар айлар бойы сусыз қалуда. Биылдың өзінде осы мәселеге қатысты халықтан тек ресми түрде 9 мыңнан аса шағым түскен. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтегі кезекті жиында мәселені көтерді. Ол келесі жылы су беру жоспарланып отырған 115 елдімекен бойынша жобалау құжаттарын биыл пысықтауды міндеттеді. Сондай-ақ елдегі 20 қаланы сумен жабдықтау және су бұрудың өндірістік процестерін автоматтандыру бойынша жобалау құжаттарын дайындау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Қазіргі таңда 600 мыңнан астам азаматымыз ауызсуға мұқтаж. Бұл аса ауқымды және маңызды жұмыс. Алайда оған барлығы бірдей жауапкершілікпен қарап отырған жоқ. Сондықтан су мәселесінің үлкен әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, әрбір өңір әсіресе, ең төменгі көрсеткіштері бар облыстар жұмысты жандандыруы керек.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурыз - жаңару мен жаңғырудың бастауы
23.03.2026, 21:36
Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды
23.03.2026, 13:47
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02