Петропавлда тергеуші қамауға алынды
Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің бұрынғы қызметкері қамауға алынды. Сезікті Петропавл ауыр машина жасау зауыты басшылығының 45 млн теңге көлемінде пара алғанын біле тұра қылмысты жасырды деген күдікке ілініп отыр. Экс-тергеуші зейнетке шыққаннан кейін адвокаттық қызметпен айналысқан көрінеді. Солтүстік Қазақстан экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, ол зауыт басшылығының қылмысын жасыру үшін пара алу дерегін азаматтық-құқықтық мәміле ретінде көрсетуге тырысқан. Сондай-ақ сот санкциясымен осы іске қатысы бар деген күдікпен тағы екі адам ұсталды.
Виктория Алпеева, Экономикалық тергеу департаментінің басқарма жетекшісі:
Әлеуметтік желілерде осы дерек бойынша түрлі ақпарат тараған еді. Онда Тәмпиевтің зауыт басшылығына қатысты қылмыстық істе адвокат болғаны айтылған. Алайда бұл мәліметті дәлелдейтін ешбір құжат жоқ. Істің анық-қанығына жету үшін, қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16