Талдықорғанда коммендант ісі сотта қаралып жатыр
Талдықорғанда өткен жылы студенттерді сан соқтырған коммендант ісі сотта қаралып жатыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жатақханасының комменданты тәлімгерлер атына несие рәсімдеп, қымбат смартфондар мен тұрмыстық техника алдыртып, қарыздарын төлемей қойған. Сондай-ақ олардың жеке мәліметтерін пайдаланып, микроқаржы ұйымдарынан да қомақты сомма алып келген. Мемлекеттік айыптаушы 16 жәбірленушінің шағымын іске тіркеп, алғашқы сот отырысында 24 млн теңгеден астам шығын келтіргенін атап өтті. Сот ашық түрде өтіп жатқанымен зардап шеккендердің басым бөлігі процеске БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсылық білдірген.
Сәрсен Жылгелдинов, жәбірленуші:
Мен білмеймін де. Бүкіл немді блокқа салып тастаған, ақшамды ала алмаймын. Жұмыстан шығып кеттім сол үшін. Ешқандай блокировкадан шешіп ала алмай қойдым. Не істеймін енді басқа? Бармаған жерім жоқ. Адвокат жалдайын десем ақшам жоқ.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Топтық кезеңнің екінші айналымы аяқталды
24.06.2026, 20:20
БҚО-да күрежолдың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
24.06.2026, 20:15
Дәрігерлер әткеншектен құлаған баланың бүйрегін сақтап қалды
24.06.2026, 20:14
Әлем жаңалықтарына шолу
24.06.2026, 20:13
Шымкентте инвестициялық жобаларды қолдау күшейтіледі
24.06.2026, 20:12
Өңірде коммуналдық проблема түбегейлі шешіледі
24.06.2026, 20:10
Газ құю бекеттеріндегі оқыс оқиғалар тыйылмай тұр
24.06.2026, 20:06
Өңірдегі стратегиялық нысандар - Үкімет назарында
24.06.2026, 20:05