Абай облысында жайылым мен шабындық жерлерге жайып суғару әдісі қолданыла бастады
Абай облысындағы Көкпекті ауданында жайылым мен шабындық жерлерге жайып суғару әдісі қолданыла бастады. Өткен жылы қатты қуаңшылықтан мал азығы тапшы болған. Өріске көк шықпай төрт түлік жүдеді. Оған қоса шөп бағасы 40 мыңнан 70 мың теңгеге дейін шарықтап кетті. Салдарынан қыста мал шығыны көп болды. Енді биыл ауыл халқы жергілікті әкімдіктің ұйымдастыруымен қар суын тиімді пайдалануға көшкен. Қазіргі таңда 5,5 мың гектар шабындықпен 6 мың гектар жайылымға су жайылып жатыр. Тұрғындар бөгет жасап, өзендердің жолын бұру арқылы құрғап қалған алқаптарды суғаруға көшкен. Аудандағы 7 ауылдық округте 21 мың гектардан астам жер қар суымен ылғалдандырылуда.
Дулат Салтабаев, Тассай ауылының тұрғыны:
Былтыр шөптің бағасы қымбат болды. 40 мыңнан жоғары. Енді соның кесірінен біздің ауылда да біраз өлім-жітіктер болды малдан. Басқа әдіске көшіп сол жанталасып. Ауыл болып біраз су келсе де соны пайдаланып қалайық дегеніміз ғой.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09