Басты Жаңалықтар Зейнетақы жинағын қолма-қол ақшаға айналдырамыз деген алаяқтар көбейді

Зейнетақы жинағын қолма-қол ақшаға айналдырамыз деген алаяқтар көбейді

Елде зейнетақы жинақтарын қолма-қол ақшаға айналдырып беруді ұсынатын алаяқтар көбейді. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ескертті. Алаяқтар зейнетақы  қорының қызметкері ретінде хабарласып, қосымша төлем рәсімдеу немесе шоттағы бұғаттауды алып тастау қызметін ұсынып, ақша мен жеке деректерді талап етеді. Кейбірі тұрғын үй немесе емделуге арналған жинақты делдал арқылы шығарып беруге уәде береді.  Тіпті жалған сайттар мен жасанды интеллект арқылы жасалған аудио-бейнежазбаларды да пайдаланады. Айласы өте көп. Сондықтан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры  барлық қызметтің тегін екенін және SMS-кодтар мен құпиясөздерді ешкімге беруге болмайтынын ескертті. Күмәнді ұсыныс түссе, ақша аудармай, ақпаратты қордың ресми арналары арқылы тексеру қажет деді. 

Бөлісу