Қатарда дзюдошылар алғашқы айналымнан сүрінді
Бағынбай тұрған белес. Дзюдодан Әлем чемпионатының бесінші күнінде жерлестеріміз тағы да жүлдесіз қалды.
Азат Қадырбек, тілші:
Дзюдодан әлем чемпионатының бесінші күнінде ерлер арасында Дидар Хамза өнер көрсетті. 90 келіде бақ сынаған Азия ойындарының жеңімпазы төрттағандағы арпалыста қателік жасап, молдовалық дзюдошыдан айласын асыра алмады.
Дидар Хамза, дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі:
Кездесу жақсы басталды. Кездесудің ортасына қарай шабуыл жасап жатқан кезде партерге түсіп қалдым. Партерде көбінесе 1-минуттан артық уақыт бермейді. Бұл жерде 2-минуттан астам уақыт өтті. Судья «матэ» берудің орнына «матэ» бермей өкінішке қарай «осаекомиге» түсіп қалдым.
Азат Қадырбек, тілші:
Ал 21 жастағы Анастасия Маякова кадеттер және жастар арасында дүбірлі додаларда жүлде еншілеген спортшы. Ол алғашқы айналымда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мария Переспен белдесті. Пуэрто-риколық спортшы жарты минут өтпей жатып жартылай жеңісті еншісіне жазды. Белдесудің бел ортасында иппонмен Анастасияны жарыс жолынан тайдырды. Ертеңгі жарыс күнінде Нұрлыхан Шархан және Аруна Жангельдина күреседі.
Азат Қадырбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде жанармай тапшылығы қайтадан күшейді
24.09.2026, 17:40
Азиаданың бесінші күні: 1 алтын, 4 күміс, 1 қола
24.09.2026, 17:38
Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасы Қытайда дәріптелді
24.09.2026, 17:37
Қалдық тапсырып, ақша табуға болады
24.09.2026, 17:35
«Шардара – Келес» жолын қоқыстан тазартты
24.09.2026, 17:34
Қызылордада эко-белсенді үш мыңдай көшет еккен
24.09.2026, 17:33
Бурабайда электр моторлы трамвайлар маршруты іске қосылды
24.09.2026, 17:27
Алматыда ₸ 1 млн 700 мың айыппұл төлемеген жүргізуші анықталған
24.09.2026, 17:25