Алматыда 200 пәтер коммуналдық қызметтен қол үзген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 200 пәтер коммуналдық қызметтен қол үзген

11.05.2023

Алматыда үлкен бір тұрғын үй кешенінің тұрғындары коммуналдық қызмет ақысын төлей алмай отыр. Олардың сөзінше, ПИК құрамынан шыққан 240 баспана иесі коммуналдық мекемелермен келісімге келе алмай әлек. Жалпы, мегаполисте пәтер иелері копееративінен жапа шегіп отырғандар баршылық. Олар тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына көшуді қалайды. Тұрғындармен тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес тілдесті.

Мәдина Анатованың Наурызбай ауданында орналасқан мына ауқымды тұрғын үй кешенінде тұрып келе жатқанына 2 жыл болған. Осы уақыт аралығында пәтер иелері кооперативінен бір қайыр көмедік дейді. Ай, сайын әр тұрғыннан алынатын 1500-2000 теңгенің қайда кеткенін білмейміз деп ызаланады.

Мәдина Анатова, қала тұрғыны:

ПИК тарапы бізге қарапайым аула сыпырушыны да бере алмайды. Жолдардың барлығы шұрық-тесік. Люктар ашық жатады. Домофон мүлде істемейді. Жертөлені үнемі су басып жатады.

Айта берсең мәселе көп. Өз міндетін атқармайтын ПИК-нің өкілдерінің үстінен талай тиісті мекемелерге шағымдандық, бірақ еш нәтиже шықпады дейді бұқара.

Сымбат Болатқызы, қала тұрғыны:

Тура тұрғын үй кешенінің ортасы. Балалар жүреді, машина жүреді. Құрылыс қалдықтар, тұрмыстық қоқыс барлығын осы жерге үйіп қойған. Жаңа телеканал келеді дегеннен кейін келіп алды қоқысты.

Наурыз ауданында орналасқан «Алма Сити 3» тұрғын үй кешенінің тұрғындары болса мүлік иелері бірлестігін құрамыз деп ПИК қарамағынан шығып кеткен. Бірақ, әлі күнге тиісті құжаттарын ала алмай отыр. Тыңдарға құлақ таппаған азаматтар әкімнің қабылдауына келіп, базыналарын жеткізді.

Әйгерім Жүнісбекова, қала тұрғыны:

Енді бізге ПК «Айнабнабұлақ» ПИК бізге акт бермей отыр. Ешқандай келісімшарт бермей отыр. Біз далада қалдық. ПИК бізге қызмет көрсетпейді, «Энергосбыт» пен «АлматыСУ» мекемелері құжаттарыңыз жоқ деп бізді қабылдамайды. 240 пәтәр не жарықтың не судың ақысын төле алмай отыр.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

Мемлекет басшысы осы МИБ мәселесін көтерді. Қазір үкімет өзгерістерді дайындап жатыр. Бүгінгі қалған жалғыз жол ол сотқа бару.

Тұрғын үйді кешенін салған құрылыс компаниясы өкілдері болса, ПИК тарапынан барлық тиісті құжаттар берілген. Бұл жерде тұрғындардың өздері жағдайды ушықтырып отыр деді.

Қарлығаш Исабекова, құрылыс компаниясының ресми өкілі:

Біз ПИК құрамынан шыққысы келген «Алма Сити 3» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына барлық құжаттарын бердік. Олар тіпті мүлік иелері бірлестігін де құрды. Коммуналдық мемекелермен келісе алмай отырғанының себебін біз білмейміз. Мүмкін құжат жинақтауда немесе басқа да қателіктер кеткен болар.

Мамандар мұндай мәселелер туындамас үшін мүлік иелері бірлестігіне қатысты арнайы заң жобасы қабылдануы керек дейді. Сенат төрағасы – Мәулен Әшімбаев бұл сұрақ бойынша тиісті жұмыстар жуырда қолға алынғанын жеткізді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Біз осы жолы тұрғын үйді басқарудың тиімді формасын бекітуге тиіспіз. Қателесуге хақымыз жоқ. Бұл әрине, уақыт талап ететін процесс. Дегенмен жыл соңына дейін біз тиісті заң жобасын қабылдаймыз деп ойлаймын.

Сенат төрағасының сөзінше, мүлік иелері бірлестігінің қазіргі жұмысы көңіл көншітпейді. Тұрғындар арасындағы келіспеушілік, төраға қызметіне келгендердің қабілетсіздігі сынды проблемалар бар. Ал, жаңадан қабылданатын заң жобасы осы мәселелерді шешуге сеп болмақ.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу