Таяу Шығыста ахуал шиеленісе түсті
Таяу Шығыста ахуал шиеленісе түсті. Израиль мен Палестина біріне-бірі зымыранмен оқ жаудырды. Израиль әскерилері Газа секторындағы «Ислам джихады» тобының нысандарына соққы бергеннен кейін атыс өршіген. 25 палестиналық қаза тапты. Олардың арасында аталған топтың ракета ұшыру күштерінің командирі, өзге жоғары лауазымды мүшелері де бар. Бұған жауап ретінде Израильге 400-ге жуық зымыран ұшырылған. Оны «Ислам джихады» мен «Хамас» мойнына алды. Снарядтардың көбін Израиль әскерилері атып түсірген. Аймақта қақтығыс өткен аптада Израиль түрмесінде аштық жариялаған палестиналық қаза тапқаннан кейін өршіді. Мысыр болса, екі тарап арасында бітімге қол жеткізуге тырысып жатқанын мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01