Судан атысты бірден тоқтатуға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Судан атысты бірден тоқтатуға дайын

05.05.2023

Жедел қолдау күштері қару тастаса, Судан армиясы атысты бірден тоқтатуға дайын. Суданның Эфиопиядағы елшісі баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді. Дипломаттың сөзінше, армия бейсенбіде өзіне қарсы қарулы топты Хартумдағы бекінісінен ығыстыруға тырысқан. Қақтығысушы тараптар бірнеше мәрте атысты тоқтату туралы бітім жариялағанымен, ол сақталған жоқ. Ахуал күрделі. Ел астанасы Хартум тұрғындары электр қуатына зәру. Қаланың кейбір аудандарында алты күн бойы жарық жоқ. Сумен қамтамасыз етуде де, қиындықтар туындауда. Африкалық мемлекетте билікке таласушы топтар арасында қақтығыстың басталғанына үш аптадай уақыт болды. БҰҰ-ның мәлімдеуінше, жағдай осылай жалғаса берсе, аймақ елдеріне гуманитарлық дағдарыс қаупі төндіріп тұр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу