Бірнеше елде 200-ге жуық алаяқ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірнеше елде 200-ге жуық алаяқ ұсталды

05.05.2023

Еуропаның бірнеше елінде италиялық қылмыстық топтың 200-ге жуық мүшесі ұсталды. Олар – «Ндрангета» мафиясының мүшелері. Алаяқтар Италия, Германия, Бельгия, Франция тәрізді бірқатар елде жүргізілген халықаралық операция барысында қолға түскен. Оларды ұстауға Германияның бір өзінде мыңнан аса полиция қызметкері қатысқан. Алаяқтар ақша жымқыру, есірткі тасымалдау, қару ұстау тәрізді істер бойынша айыпталып отыр. Полицияның мәліметінше, «Ндрангета» мүшелері 2019-2022 жылдары Еуропада 25 тонна кокаин таратып, 22 млн доллардан астам ақша жымқырған. Бір қызығы- қылмыстық топ мүшелерінің ізіне түсуге коронавирус пандемиясы кезінде мүмкіндік туды. Бұрын-соңды мобильді байланысты қолданбаған олар карантин кезінде бір-бірімен хабарласу үшін ұялы телефонды қолдана бастаған. Бұл полицияға, қылмыскерлерді тез қолға түсіруге көмектесті.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу