Елордада шахматтан Әлем чемпионатының жабылу салтанаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада шахматтан Әлем чемпионатының жабылу салтанаты өтті

02.05.2023

Елордада бір айға жуық жалғасқан шахматтан Әлем чемпионатының жабылу салтанаты өтті. Онда өнерпаздардың ұлттық нақыштағы қойылымдары сахналанды. Салтанатты шарада жеңімпаздар марапатталды. Астанада ересектер арасында өткен Әлем чемпионатының ақтық ойынында қытайлық шахматшы Дин Лижэнь ресейлік Ян Непомнящийді жеңіп, 17-ші әлем чемпионы атанды. Классикалық уақыт өлшеміндегі 14 партия 7:7 есебімен тең аяқталса, 4 блиц-партияның ақырғы айқасында қытайлық шахматшы Ресей шахматшысынан мықты екенін дәлелдеп берді. Осылайша ол чемпионатта жүлдеге тігілген 2 млн еуроның 55%-ін қанжығасына байлады.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу