Паралимпиаданың жабылу салтанаты мерекеге толы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиаданың жабылу салтанаты мерекеге толы болады

15.03.2014
Паралимпиаданың жабылу салтанаты мерекеге толы болады
Сочидегі Паралимпиада ойындарының жабылу салтанатының шығармашылық директоры және сценарий авторы Константин Эрнст көрсетілімнің паралимпадашы-спортшыларға арналатынын мәлімдеді.
 
«Сочидегі салтанатты шаралар бір-біріне ұқсамайды. Паралимпиадалық қозғалыстың әлемдегі маңызы зор. Біз мұны жабылу салтанатында көрсетуге тырысамыз. Көрсетілім бойы спортшылар сахнада тұрады», - дейді ол.
 
«Фишт» аренасындағы жүргізушілердің ішінде әлем жұлдызы Хосе Каррерас, пианист Олег Аккуратов,  сонымен қатар 210 адамнан тұратын би ұжымы болады.
 
Шараның парадюсері - Марко Балич. Танымал продюсер бұл индустрияда 20 жылдан астам қызмет етіп келеді. Оның жобалары - Туриндегі Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаты, Рио-де-Жанейро мен Лондон ойындарының салтанатты көріністері мен Еуро-2012 біріншілігінің жабылу рәсімі.  
 
Шараның қоюшы-режиссері - Лида Кастелли. Ол - Солт-Лейк-Ситиден Туринге Олимпиада жалауын беру рәсімінің авторы.

Хабарламаларға жазылу