Шахматтан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахматтан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті

05.03.2019

14 елден жиналған 20 команда I турдағы қарсыластарын анықтады. Қазақстанның қыздар құрамасы бүгін ресейлік әріптестерімен ой жарыстыратын болды.

Жерлестер жеңіс тұғырынан көріну үшін барын салатындарын айтты.

Жансая Әбдімәлік, шахматшы:

- Өзіміздің елде ойнап жатқандығымыз, әрине, бізге көмек болады. Жанкүйерлердің қолдауын сезінеміз. Жалпы, біздің команда соңғы 10 жылдағы үздік командалардың бірі десем болады. Бұл чемпионат біз үшін керемет дайындық болғалы тұр. Осы құраммен Олимпиадаға жетсек, үлкен жетістікке жететінімізге сенімдімін.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу