Шахматтан қыздар Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахматтан қыздар Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

12.09.2023

Шахматтан Қазақстан қыздар құрамасы командалық Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Дода Польшаның Быдгощ қаласында өтті. Онда 12 команда бақ сынады. Ұлттық құрама Грузия шахматшыларымен сынға түсті. Қазақстан құрамасында Бибісара Асаубаева Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова,Әмина Қайырбекова және Әсел Серікбай өнер көрсетті. Ал қола жүлдені Франция құрамасы иеленді.  


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу