Таразда бильярдтан Әлем чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда бильярдтан Әлем чемпионаты басталды

18.09.2014
Таразда бильярдтан Әлем чемпионаты басталды

Бүгін «Тараз-Арена» спорт сарайында бильярдтан «Динамикалық пирамида» Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Жарыста бағын сынау үшін Тараз қаласына 19 елдің 53 спортшысы келді. Оның қатарында - Ресей, Украина, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қытай, Корея, Өзбекстан, Әзірбайжан, Польша, Германия, Болгария, Чехия, Франция, Түркия және т.б. бар.

Жарысқа ресейлік Әлем чемпиондары Сергей Тузов, Никита Ливада және Александр Чепиков қатысады.

Қазақстандық құраманың ішінде үш дүркін Әлем чемпионы Қаныбек Сағындықов, Әлем чемпионы Алихан Қаранеев, Әлем чемпионы Ернар Шымбаев, 2013 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Алмас Әбсейіт бар.

Бәсеке олимпиада жүйесі бойынша өтеді. Ұтылған адам, жарыстан шығады. Ойын 6 жеңіске дейін жалғасады.

Турнир ҚР Бильярд спорты федерациясының, Халықаралық пирамида  конфедерациясының және Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Бильярдтан Әлем чемпионаты 21 қыркүйекте аяқталады, делінген хабарламада.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу