Алматыдан «Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шықты
Шалғайда жатқан ауыл тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсету үшін Алматыдан «Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шықты.
Елді-мекен үшін аса қат дәрігерлер, яғни тіс, көз, құлақ-мұрын дәрігерлері ауыл халқын тегін тексеріп, емдейді. Медициналық пойыз заманауи диагностикалық жабдықтармен, шағын операциялық бөлме және арнайы зертханамен жабдықталған. Биыл жобаға алғаш рет кәсіби және тәжірибелі медиаторлар мен заңгерлер қосылды. Сапар аясында 75 мыңға жуық ауыл тұрғыны емдік-консультациялық қызмет алады деп жоспарланып отыр.
Дана Нұржанқызы, медициналық пойыз қызметкері:
Алыс жатқан шалғайдағы ауылдарға өте көмегі көп тиеді.Себебі, ол жақтағы аудандық больницаларға бару үшін аралары ұзақтау - үш сағат,төрт сағат. Ал ол ауылдың тұрғындары ол жаққа көбінесе бара алмайды.
Альфия Адиева, «Samruk-kazyna trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры:
УЗИ-ға түсіру мүмкіндігі бар.Дер кезінде анализдерді тапсыру мүмкіндігі бар.Бұл жерде кейбір уақыттарда шағын ота жасау мүмкіндіктері бар.35 -тен астам дәрігер болады. Балаларға да көмек көрсетіледі.Үлкен кісілерге де көмек беріледі.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13