UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан екі команда анықталды
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан екі команда анықталды. Бірінші кездесу италиялық қос команда арасында арасында өтті. Алғашқы ойында миландық клуб 1:0 есебімен басым түскен болатын. Сондықтан жанкүйерлер «Наполи»-ден қарқынды шабуыл күтті. Ойынның 22-минутында «Миланның» шабуылшысы Оливье Жиру пенальтиден мүлт кетті. Десе де, бірінші тайм аяқталар сәтте көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Есеп 1:0. Ал ойынның 93-минутында «Наполи» сапынан Виктор Осимхэн таразы басын теңестіріп, кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Екі ойынның нәтижесі бойынша «Милан» жартылай финалға жолдама алды. Ал, Лондонда «Реал Мадрид» клубы «Челсимен» матч өткізді. Бірінші кездесуде Испания астанасының футболшылары 2:0 есебімен жеңген. Бұл жолғы кездесуде де «Реалдықтар» мықтылығын дәлелдеді. Қарымта кездесу де 2:0 есебімен аяқталды. Лондондық команданың қақпасына екі голды да 58 және 80-минуттарда вингер Родриго салды. Бүгін түнгі 00:50-де «Интер» мен «БенфИка» жартылай финалдың жолдамасына таласады. Мачты Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді. Ал, «Бавария» мен «Манчестер Сити»» командаларының кездесуін «Қазспорт» телеарнасынан көре аласыздар.
Данияр Асылбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы