Абай облысында сақ дәуіріндегі алтын жәдігерлер табылды
Археологтар 3 мыңға жуық алтыннан жасалған жәдігерді Семейдегі өлкетану музейіне табыстады. Өткен жылы ғалымдар Абай облысындағы Бозай қорғандарында қазба жүргізген. Нәтижесінде сақ қорғандарының бірінен алтын адам киімінің фрагменттері анықталған. Өкінішке қарай, қорым бұрын тоналған болып шықты. Ондағы қымбат металдан жасалған ірі-ірі бұйымдар қолды болған көрінеді. Ғалымдардың қолына содан қалған ұсақ алтын моншақтар, аң бейнесіндегі және өзге де әшекейлер түскен. Одан бөлек археологтар бұған дейін белгісіз болып келген 100-ге тарта түркі, ерте темір дәуіріндегі ескерткіштерді анықтаған. Енді ол жерлерге де жаңа экспедиция ұйымдастырылмақ.
Ғани Омаров, археолог-ғалым:
Елең еткізетін жаңалық деп айтуға болады. Бұл сонау сақ дәуірінің ақсүйектерінің бірі жатқандығы анықталды. Алтын заттар көптеп ұшырасты. Өте бір ыждаһаттылықпен жасалынған. Зергерліктің бір керемет туындылары.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Транзиттік әлеует транформацияланады
11.11.2026, 21:41
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бағытталды
11.11.2026, 20:15
Халықтық құрылыс: Соңғы жеті жылдағы жетістіктер
11.11.2026, 20:14
Түркияда «СОР31» экологиялық саммиті өтті
11.11.2026, 20:07
Бөліп төлеу тәртібін реттеу жолдары қарастырылып жатыр
11.11.2026, 20:05
Әбу-Дабиде үшжақты келіссөз аяқталды
11.11.2026, 20:04
Қазіргі сағат белдеуі табиғи күн ырғағына жақындатты
11.11.2026, 20:04
Ғылымға бизнес тарапынан қызығушылық төмен
11.11.2026, 20:04