Шымкентте жыл басынан бері 12 адамды сарышаян шағып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жыл басынан бері 12 адамды сарышаян шағып алды

07.04.2023

Шымкентте жыл басынан бері 12 адамды сарышаян шағып алды. Зардап шеккендердің біреуін ауруханаға жатқызуға тура келген. Сыртта әлі де күн салқындау болғандықтан жәндіктер көбіне үйдің ішіне кіруге тырысады. Ол көпқабатты баспаналардағы пәтерлерден гөрі жер үйлердің ішінде тіршілік еткенді қолайлы көреді. Мамандардың айтуынша, сарышаяндардың уы, әсіресе, созылмалы сырқаты бар егде жастағы адамдар мен балалардың ағзасына өте қауіпті. Былтыр мегаполисте улы жәндік шаққан 75 адам ауруханада ем алып, тағы 258 азамат амбулаторлық көмекке жүгінген болатын.

 Мадина Ермаханбетова, дәрігер:

Былтырғы жыл мен биылғы жылдың  бізге қаралу бойынша ешқандай айырмашылығы жоқ. Енді майдан бастап тамыздың аяғына дейін сарышаян шаққан науқастар көп болады. Ал одан кейін аз және жарақаттары жеңіл болып келеді.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу