Абай облысындағы Ақтоғай кентінде бастауыш сыныптағы 160 бала аядай үш бөлмеде оқып жатыр. Оның өзі бұрын дүкен болған ғимарат. Өңір басшылары он жыл бұрын жаңа білім ошағының құрылысын бастаған. Алайда, белгісіз себептермен құрылыс бітпеген.
Қуықтай бөлмелерге қамалған 160 оқушы осылай білім алуға мәжбүр. Ал, лездеме, жиналыс ені 1 метрге жетер-жетпес кіре берісте өтеді.
Гүлзипа Кесікбаева, мектеп директоры:
Өте тар мектебіміз. Мынау міне мұғалімдердің бөлмесі деп айтамыз. Өте кішкентай бөлме. Бір ғана, екі адам сиятын. Балалардың киім ілетін жерлері жоқ. Кіре беріс, запасной входты біз жаңағы раздевалка жасап қойдық. Стандартқа сай мына жер 2,5 метр. Тақтадан баланың көзіне зиян келетін жерге жүргізе алмаймыз, СанПин нормасын. Өйткені балаларымыздың тарлықтан парталары жақын бір-біріне.
Ал Ақтоғай жалпы орта мектебінде 413 оқушы бар. Бастауыштан бөлек, қалған 245 бала осы 8 жылдық мектептің ғимаратында білім алып жүр. Өткен жылы қаржы бөлініп, бастан аяқ жөнделді. Тар ғимаратты қанша сылап-сипағанмен талапқа сай келмейді. Дене шынықтыру үшін спорт залы шағын. Мәдени шараларды өткізетін орын мүлдем жоқ.
Шыңғыс Қабидолла, 9-Сынып оқушысы:
Аягөзге жарыстарға бардым. Олардың спорт залын көрген едім. Олардыкі өте дәу. Біз ондай спорт залды тек телевизордан ғана көреміз.
Іргеден бой көтерген жаңа мектептің құрлысы біраздан бері тоқтап тұр. Жылдар бойы қалқиған қабырғасы сыз тартып, іргесі үгіліп ендігі тіпті жарамсыз болып қалған.
Ержан Жақып, тілші:
Қабырғасы қалқиып бос жатқан мына ғимарат, осыдан оншақты жыл бұрын 400 балаға арналған мектеп ретінде құрлысы басталған. Алайда, жобада кеткен қателіктен бе, әлде қаржының жеткіліксіздігіне бе, құрылысы тоқтап қалған. Қазір қысы-жазы ашық жатқан бұл ғимарат мал ықтайтын орынға айналған.
Білім басқармасындағылар Ақтоғай мектебіндегі мәселені жақсы біледі. Бұл түйткіл бірер жылда шешіледі,-дейді.
Әсем Нускина, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
Мектеп Ақтоғай ауылынан салынатын болады. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 300 орынға. Қаражаты 2 млрд 900 мың қарастырылған. 24-ші жылы салынып басталады.
Жалпы, Абай облысындағы мектептерде 5 мың балаға орын керек. Оның дені ауылдарда. Мәселені түбегейлі жою үшін 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 11 білім ошағын салу жоспарланған.
Ержан Жақып