Туризмді түрлендіру міндеті тұр
Жетісу облысы аграрлы аймақ болғанымен, туризм саласын дамытуда да әлеуеті зор. Бір жағында айдынды Алакөл, екінші жағында Балқаш көлі, шығысында Жоңғар Алатауының сілемдері мен таудан аққан өзендері туристердің емін-еркін демалуына мүмкіндік береді. Мұнан бөлек бұл өңірде екі ұлттық табиғи парк пен бір қорық орналасқан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында туризмді түлету мәселесін көтеріп, осы бағытта жұмысты күшейтуді тапсырды.
Ермек Кеңесханұлы Текелі моноқаласына Астанадан екі жыл бұрын көшіп келді. Демалыс орнын ашып, қазір туристік маусымға қызу дайындалып жатыр. Тау бөктерінде, өзен жағасында орналасқан бұл кешен бірнеше бағытта жұмыс істейді. Кәсіпкер бұл жерде қонақтар тек тынығып қана қоймай, рухани азық алатындай жоба әзірлеуде.
Ермек Кеңесханұлы, кәсіпкер:
Ата-бабаларымыздан келе жатқан көшпенді өмір кештік қой. Соны қазір іске қосайық деп жатырмын. Туристер атпен, түйемен көш жүреді, қазақтың. Содан кейін бізде кәдімгідей актерлар жұмыс жасайды, әншілер, кәдімгідей керемет кеш ұйымдастырылып, сондай жобалар болады.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Текелі қаласынан бірден осындай табиғаты керемет Қора шатқалына шығуға болады. Бұл жерде төменде Қора өзені ағып жатыр. Ал осы жерден 50 шақырымдай жерде Орта Азиядағы ең биік Бұрқанбұлақ сарқырамасы бар. Егер сарқырамаға барар жол жөндерлсе туристердің көптеп келіп тамашалайтын тағы бір әдемі нысаны қолжетімді болмақ.
Бұрханбұлаққа барар жолды қалпынан келтіру мемлекет басшысының тапсырмасы. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттарына қаржы бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Биыл облыста туризмді дамыту мақсатында ақпараттық орталық жұмысын бастады. Мамандар бұл жерде саяхатшыларға туристік бағыттар мен нысандар, демалыс орындары жайлы толық мағлұмат береді. Аймаққа демалушыларды көптеп тарту үшін жыл соңына дейін 50-ге жуық ісшара жоспарланған.
Сәкен Түкібаев, облыстық Туризм басқармасының басшысы:
Ақпараттық турлар бар. Осы біздің туристік дестинацияларына. Көрмелер, экспедициялар, жәрмеңкелер бар. Нешетүрлі туристік жарыстар өткізілетін болады.
Өткен жылы өңірдің шырайлы жерлеріне 260 мыңнан астам адам саяхаттап қайтқан. Олардың 1,5 мыңы шетелдік азамат. Ал айдынды Алакөлге келушілер саны 1 млн-нан асты.
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
