Жетісу облысындағы қылмыстық қудалау орындарында бақылау күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысындағы қылмыстық қудалау орындарында бақылау күшейді

28.03.2023

Президент өз Жолдауында азаптауға байланысты қылмыстарды тергеу ісінде жүйелі ұстаным болуы маңызды екенін айтып, бұл құзыретті Бас прокуратураға міндеттеген болатын. Бір жыл ішінде құқыққорғау органдары қылмыстық қудалау орындарында бақылауды күшейтті. Мәселен, Жетісу облысындағы уақытша қамау изоляторларына 900-ден астам бейнекамера орнатылып, тергеу бөлмелеріне әйнекті есіктер қойылды. Бұл- тергеу барысында ашықтықты қамтамасыз етеді. Ал азаматтарды азаптауға жол берген қызметкерлерге жаза күшейтіліп, мекеме басшысы бірден қызметінен босатылады. Жетісу облыстық прокуратурасы құқыққорғау органдарының басшыларымен алқалы жиын өткізіп, осы бағыттағы жұмыстарды пысықтады.

Азамат Байсаров, Жетісу облысы прокурорының көмекшісі:

Құқық қорғау органдарына жеткізілген адам, тұлғаларды, күдіктілерді қай жерден бастап ұстайды, тергеушіге немесе тергеуге жеткізгенге дейін бейнебақылау жүргізу қажет. Ол бағанағы нұсқаулықта көрсетілген.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу