АҚШ-та 28 жасар әйел алты адамды атып тастады
АҚШ-та тағы да нақақ қан төгілді. Қылмыскер Теннесси штатында мектепте оқ жаудырып, 7 адам қаза тапты. Бейбіт күнде бейкүнә жандар мерт болып жатыр деген Президент Джо Байден Конгрессті қару саудасына қарсы батыл қадам жасауға шақырды. Меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы тарқатады.
Жалғас Сәдібекұлы, журналист:
Қайғылы оқиға Нэшвилл қаласындағы христиан діни мектебінде болды. Жаппай оқ ату салдарынан оқу орнының үш оқушысы мен үш қызметкері көз жұмды. Ал, қылмыскер 28 жастар әйел болып шықты. Екі жартылай автомат және тапаншамен қаруланған күдікті таңертең мектепке келіп оқ жаудырған. Шұғыл жеткен полициямен де атысып, соңында өзі оққа ұшты. Қылмысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Джон Дрейк, полиция басқармасының басшысы:
Мендегі қазіргі ақпарат бойынша күдікті қайбір жылдары осы мектептің оқушысы болған. Қазір нақты қай жылы екенін айта алмаймын.
Жалғас Сәдібекұлы, журналист:
АҚШ президенті бірнеше жылдан бері жартылай автоматты қарулардың саудасын шектеуді ұсынып жүр. Былтыр отыз жылда алғаш рет талаптар ішінара қатаңдатылған да. Алайда мұның өзі жеткіліксіз болып тұр.
Джо Байден, АҚШ президенті:
Білесіз бе, күдіктінің қолында екі АК-47 мен тапанша болған. Сондықтан мен Конгрессті шабуыл қаруына тыйым салатын заңды қабылдауға тағы да шақырамын. Нақты іске кірісетін уақыт жетті. Бұл біздің қоғамды шытынатып, ұлттың ішкі жан-дүниесін жаралап жатыр.
Жалғас Сәдібекұлы, журналист:
Ресми статистика бойынша АҚШта жыл басынан бері 130 рет халыққа жаппай оқ ату қылмысы тіркелген. Бірақ, әйел затының мұндай қатыгездікке баруы сирек дейді мамандар. Алпыс жыл ішінде тек төрт әйел жаппай оқ атқаны үшін жаза тартылған. Десе де, Теннесидегі қырғын соңғы үш айдың ішіндегі ең көп адам өлген екінші қанды оқиға болып отыр.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда 14 мыңнан аса адам мәйіттік донор болуға келісім берді
02.04.2026, 20:59
Қоқыстан қалай табыс табуға болады?
02.04.2026, 20:58
Түркістанда «Жасыл аймақ» ағаш егу акциясы өтті
02.04.2026, 20:54
«Таңбалы: Бабалар коды» халықаралық көрмесі ашылды
02.04.2026, 20:52
Кәрім Меңдіханов Оралдағы жеке мектепте жаттыққан
02.04.2026, 20:50
Елімізде соңғы 5 жылда аутизмге шалдыққандар саны 5 есе көбейді
02.04.2026, 20:17
Қарағандыда жоғалған бала полиция мен еріктілердің арқасында аман-есен табылды
02.04.2026, 20:15
Еңбек құлдығына түскендердің арасында ІТ-мамандары басым
02.04.2026, 20:15