Бүгін Қазақстандағы сайлау жөнінде ірі халықаралық агенттіктер мен телеарналар және өзге де медиа ұйымдар хабар таратып жатыр. Солардың бірі «Франс-пресс» елімізде 20 жылдан бері алғаш рет тәуелсіз кандидаттардың Парламентке өтетінін хабарлаған. Француздық автор кандидаттар арасында әйелдердің, жастардың, мүгедектердің де бар екеніне назар аударыпты.
Түріктің TRT World арнасы да бұл тақырыпқа материал жариялады. «Қазақстанда бүгін кешке дейін 12 миллиондай адам дауыс беруі керек. Ал бұрынғы Парламент қаңтарда таратылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей, сайлауды мерзімінен бұрын өткізу елді модернизациялауға серпін береді», - дейді Ыстамбұлдық телекомпания журналисі.
Ал Американың «Associated Press» агенттігінің хабарлауынша, бүгін қазақстандықтар «жаңа энергиялы» парламентті сайлайды. Сонымен қатар, бұл материалда Қазақстанның заң шығарушы билігіне реформа жасалып жатқаны айтылған.
Арай Төлеген