Иранда 22 мың адамға рақымшылық жасалды
Иранда жақында өткен шерулер кезінде қамалған 22 мың адамға рақымшылық жасалды. Мұндай шешімді Ислам Республикасының жетекшісі аятолла Әли Хаменеи қабылдаған. Елдің сот өкілдерінің мәлімдеуінше, ақпаннан бері елде барлығы 82 мың адам кешіріліп, түрмеден босатылған. Айта кетсек, Иранда жаппай наразылық шеруі қыркүйектің ортасында Махса Амини есімді қыз полиция бөлімшесінде қаза тапқаннан кейін басталды. Әдет полициясы марқұмды орамалды дұрыс тақпады деген айыппен ұстаған. Бұған қарсы шерулер әлемнің бірқатар елінде өтті.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеті жылдың басты көрсеткіштері мерекелік билбордтарда
22.10.2026, 18:26
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17