Алматы маңында заңсыз нысандар салынған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы маңында заңсыз нысандар салынған

10.03.2023

Алматы маңында аурухана, мектеп және балабақшаларға арналған мыңдаған шаршы метр жерді пайдалану ережесі бұзылып, заңсыз нысандар салынған. Бұл туралы облыстық прокуратура өкілдері хабарлады. Заңсыз ғимараттардың бой көтеруіне қалай жол берілді? Ережені елемегендерге қатысты қандай шара қолданылады?

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Заңсыз құрылысқа Талғар, Қарасай, Іле, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында жол берілген. Атап айтсақ аталған аудандарда мектептер, балабақшалар, ауруханаларға қарастырылған жер телімдерін пайдалану тәртібі бұзылған. Мысалы біз тұрған Іле ауданына қарасты Ащыбұлақ ауландағы мына участке де құжат бойынша жеке тұрғын үйлер салынып қойылған. Бірақ, өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай жер телімі бос тұр.

Азамат Күреңкей, Алматы облысы прокурорының орынбасары:

Елдімекендердің шекарасын заңсыз кеңейту бойынша бізде 24 дерек, функционалды аймақтарды заңсыз өзгерту бойынша 100-ден астам дерек анықталды. Енді осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр. Жекелеген факторлар бойынша бізде 11 қылмыстық іс қозғалып, заңсыз шешімдердің күшін жою және кінәлі тұлғалаларды жауапқа тарту туралы қадағалау актілері енгізілді.

Алматы қаласының маңында заңсыз құрылыстың аумағы 17 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Бұл облыстың 5 әкімшілік аумағын қамтиды. Ал, шаһарда жағдай сәл өзгешелеу. Мегаполисте заңсыз салынып жатқан нысандардың саны көбейген.

Олжас Төлебаев, қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

Бүгінгі таңда құрылысшылар арнайы жобалық сметалық құжаттарынсыз бастап кетеді, сарапшылардың оң қорытындысын алмайды. 47 нысан анықталып, біздің басқарма тарапынан аталған нысандарды бұзу жөнінде сотқа талап, арыз жолданды. Бүгінгі таңда сол 47 нысанның 20 нысанға қатысты бұзу жөнінде шешім шықты.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

2022 жылдан бастап заңсыз салынып жатқан 10 нысан бұзылды. Биыл тағы 20 ғимарат сүрілуі тиіс. Ал 27 нысанқа қатысты сот процессі жүріп жатыр.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу