Қытай биыл әскери шығындарын 7 пайызға өсірмек
Қытай биыл әскери шығындарын 7 пайызға өсірмек. Оның жалпы сомасы 225 млрд долларға дейін артады. Бұл туралы жексенбіде Бейжіңде ашылған Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының жыл сайынғы сессиясында айтылды. Екі аптаға созылатын съездің барысында Си Цзиньпин мемлекет басшысы ретінде бекітіледі. Сонымен бірге жаңа премьер-министр, қаржы саласы мен орталық банктің жетекшілері тағайындалады. Қытайда Халық өкілдерінің жиналысымен бірге Халықтық саяси консультативтік кеңесінің съезі өтіп жатыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06