Израильде сот реформасына қарсы шеру күшпен таратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде сот реформасына қарсы шеру күшпен таратылды

02.03.2023

Израильде сот реформасына қарсы шеруге шыққандарды полиция күшпен таратты. Демонстранттар Тель-Авивтегі көлік жолдарын жауып тастаған.Оларды тарату үшін тәртіп сақшылары құлақ тұндыратын гранаталар мен су атқыштарды қолданды. Биньямин Нетаньяху үкіметінің сот жүйесін өзгертуге бағытталған қадамдарына наразылық бірнеше аптадан бері тыйылмай жатыр. Демонстранттардың пікірінше, бұл реформа соттардың тәуелсіздігіне, Израиль демократиясына нұқсан келтіреді. Ал министрлер болса, жаңа заң билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге көмектеседі деп мәлімдеді. Олар шеруге қатысушыларды анархистер деп атады. Президент Ицхак Герцог үкімет пен оппозицияны диалогқа үндеді. Ол ел конституциялық және әлеуметтік күйреу алдында тұрғанын ескертті.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу