Дүйсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысында қайталанған 5,6 баллдық жер сілкінісінен Малатия қаласында 30 шақты үй осылай қирады. 1 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланды. Президент Реджеп Тайып Ердоған болса, алапат зілзала кезінде құтқару жұмыстары кешіккені үшін халықтан кешірім сұрады. Бұл туралы мәлімдемені ол Адияман провинциясына барғанда жасады.
"Жер сілкінісінің жойқын әсері мен ауа-райының қолайсыздығынан алғашқы бірнеше күнде қалауымызша жұмыс істей алмадық»,- дейді Түрік Президенті.
Айта кетсек, бірер күн бұрын Ыстанбұлдың стадиондары мен көшелеріне мыңдаған адам жиналып, «үкімет отставкаға кетсін!» деп ұрандатты.
Естеріңізге сала кетсек, ақпанның 6-да Түркия мен Сирияда болған жойқын дүмпулерден 50 мыңнан астам адам мерт болып, 520 мыңдай пәтер құлап, 1 жарым миллиондай тұрғын баспанасыз қалды.