Президент «ҚазМұнайГаз» ҰК басшысын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «ҚазМұнайГаз» ҰК басшысын қабылдады

28.02.2023

Президент «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады. Мемлекет басшысына былтырғы өндірістік жұмыстардың негізгі қорытындысы туралы баяндап, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырды. Бұдан бөлек, Мағзұм Мырзағалиев компанияның геологиялық қорларын ұлғайту туралы баяндады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының, әсіресе көктемгі егіс жұмыстары қарсаңында үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды.

Мағзұм Мырзағалиев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

Қазақстандағы біздің мұнай өңдеу зауыттарында 17,8 миллион тонна мұнай қайта өндірілді. Ашық өнімдердің көлемі 14 пайызға дейін артты. Сонымен қатар, үш зауыттың әрі қарай қалай дамытатынымызды да нақты бағдарламада әзірледік. Бұл біздің еліміздегі өсіп жатқан сұранысты қамтамасыз етуге арналған жобалар.


Хабарламаларға жазылу