Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрді қабылдады. Әлихан Смайылов Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2023 жылға арналған республикалық бюджет жөнінде есеп берді. Оның айтуынша, биыл елдің ЖІӨ-нің өсімі 4 пайыз, ал мұнай бағасы барреліне 85 доллар болады деп болжанып отыр.
Бұдан бөлек, Премьер шағын және моноқалаларды дамытып, «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға, елдімекендерді газбен, жылумен қамтуға, сондай-ақ әскерді жаңғыртуға қосымша қаражат бөлу көзделіп отырғанын айтты. Ал Президент осы шаруалардың іске асуын және бюджеттің уақтылы игерілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Досжан Маратұлы