Сарапшы: Сайлаушылардың белсенділігін арттыру қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Сайлаушылардың белсенділігін арттыру қажет

23.02.2023

Бүгінгі таңда электораттың жартысы ғана науқанға қатысуға дайын. Қоғамдық даму институты жүргізген сауалнама нәтижесі осындай. Сондықтан институт сарапшысы үгіт-насихат науқаны кезінде сайлаушылардың саяси белсенділігін барынша арттыру қажет дейді.

Риззат Елубаев, Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы:

Егерде келесі жексенбіде сайлау бола ма десе, сіз сайлауға қатысасыз ба дегеннің өзінде бүгінгі таңда 53,4 пайыз халық «иә» деп жауап берген. Ал 34 пайыз, соның ішінде 11 пайызы «әлі шешім қабылдамадым» деген жауап берген. Өйткені бұл үшін партияларда, сайлауға түсіп жатқан кандидаттарда іс-әрекет жасау керек. Сол себепті үлкен командалық жұмыс болу керек.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу