Токио БҰҰ-ның шұғыл отырысын өткізуге үндеді
Жапония БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады. Бұған Солтүстік Кореяның алыс қашықтыққа арналған зымыранды сынауы түрткі болған. Жапон үкіметінің басшысы Фумио Кисида «бұл әрекет елдің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне, аймаққа, халықаралық қауымдастыққа қауіп төндіріп тұр» деп мәлімдеді.
Бүгін Пхеньян екі баллистикалық зымыран ұшырды. Осыдан кейін, мемлекет лидері Ким Чен Ынның қарындасы АҚШ-қа ескерту жасап, өңірде әскери жаттығу өткізуге қарсылық білдірді. Бұған қоса, Солтүстік Корея Тынық мұхит аймағын «сынақ алаңына» айналдыра алатынын да ескертті. Ал сенбіде Пхеньян ұзақ қашықтыққа арналған баллистикалық зымыран ұшырды. Ол ракета Жапонияның экономикалық аймағына кіретін суға құлаған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06