Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары аяқталуға жақын
Түркияда екі апта бұрын болған зілзаладан кейін іздеу-құтқару жұмыстары аяқталуға жақын. Тек Қахраманмараш пен Хатай провинцияларында жалғасып жатыр. Қалған аймақтарда тоқтатылған. Үйінді астынан тірі қалғандарды табу үміті азайды. Соңғы мәліметтерге сай, Түркия мен Сирияда зілзала құрбандарының саны 46 мыңнан асқан. Көз жұмғандар бұдан да көп болуы мүмкін. 345 мыңдай пәтер толықтай қирап, талай адам жоғалып кеткен. Ал Вашингтон Анкараға 100 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек бермек. Мұны АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Түркияға жасаған сапарында айтты. Ол елдің сыртқы істер министрі Мевлют Чевушоглумен бірге зілзаладан жапа шеккен Хатай провинциясына барды.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06