Алыптар бейнесінің авторлары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алыптар бейнесінің авторлары

18.02.2023

Елді тәнті еткен Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші, айнытпай жасалған Шәмшінің мүсіні және ұлт тарихындағы зұлмат жылдарды бейнелейтін ерекше ескерткіштің авторларын біреу білсе, біреу білмес. Тарихи тұлғалардың бірегей бейнесін жасаған мүсіншілермен әріптесім Нұрсұлтан Тілектес тілдесті.

Былтыр қараша айында орнатылған бұл ескеркіш көптің көңілінен шықты. Оған себеп, мүсін қазақтың біртуар азаматы, ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының бейнесінен айнытпай жасалған. Алып мүсін бір жарым айда дайындалды. Аз уақыт ішінде қолаға жан бітірген шеберлер бұл жобаны жүзеге асыруды өзіміз үшін мәртебе санадық дейді.

Тимур Ермұхаметов, мүсінші:

Бұл жұмысты бастаған кезде біз біраз Ахмет Байтұрсыновты зерттеп, туған жері Тоғайға барып келдім. Сол жердегі музейін көріп, деректерімен таныстым. Біраз телесериалдар шықты, соларды көріп, мына жердегі музейді жаңғыртқан кезде біраз деректер жиналды. Көп зерттедік.

Тұғыры ақ пен күрт тасынан, ал мүсіннің өзі қоладан жасалған. Биіктігі үш жарым метр, салмағы жалпы алғанда 20 тоннаға жуықтайтын

Ал, мынау Қарағайлы саябағында орналасқан 1931-1933 жылы қазақ жерін жайлаған ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш. Бір жұтым су мен бір үзім нан таппай, баласын ажалға қимай отырған ананың ауыр бейнесі. Композияға зер салсаңыз, аударылған ошақ пен жарық түскен қазанды да аңғаруға болады.

Айдос Бүркітбаев, мүсінші:

Біздің жұмыстардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі. Өйткені бұл қазақтың тарихы. Өте қасіретті оқиға болған. Аштықтан баласын өлімге қимай тұрғанын бейнеледік. Ана мен баланың махаббатын, ашаршылықты көрсеткіміз келді. Бұл жұмыста шешесін де, баласын да қабырғасы ақсиған, арықтығын, тамақтан қысылғанын аштықтан кезін көрсетуге тырыстық.

Бұл мүсін арқылы қазақтың қайсар мінезі де суреттелген. Жаны қиылғалы тұрған баланың жұдырығын жұмылған күйінде ұстап, өмір үшін күресін көруге болады. Қос шебердің тағы бір мақтан тұтар еңбегі - біртуар тұлға Шәмші Қалдаяқовтың мүсіні.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Мүсіншілер Шәмші Қалдаяқовтың есркерткішін дәл мынадай стильмен жасаған. Ол бекер емес. Өйткені, ұлы композитор халыққа жақын, қарапайым адам болған.

Саябаққа келгендер Шәмшінің ескерткішінің қасына жайғасып, фотоға түскенді ұнатады.

Тараз қаласындағы Шерхан Мұртазаның ескерткіші де - Айдос пен Тимурдың төл туындысы. Одан бөлек Астана қаласына қойылған Әбу Насыр әл-Фараби,

Қос шебер көпшілікті тәнті еткен ең таңдаулы еңбектерін жалдамалы цехта әзірлейді. Ендігі межесі - шеберхана ашып, дарынды жас мүсіншілерді тәрбиелеу.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу