Атырау облысында Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауына 496 адамнан өтініш келіп түсті. Осы уақытта тиісті заң нормаларындағы талаптарға сай болып шыққан 235 кандидат тіркеуден өтті. Олардың 76 пайызы ер адам. Облыста дауыс беру күні 269 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қазір жергілікті атқарушы органдар сайлаушылардың тізімін нақтылап жатыр. Олардың саны, шамамен 406 мыңнан асады. Қазір сайлау комиссиясы өкілдері арнайы оқыту семинарларына қатысып жатыр.
Азамат Айманақұмов, облыстық Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
Комиссия өкілдерінің біз осылай оқытып шығамыз. Және осы жерден орталықтан оқытуға және жергілікті жерде комиссияның оқытылған мүшелері өздері оқытады. Сонда біз 100 пайызды қамтимыз.
Жандос Темірғали