Ресейдің Волгоград облысында қазақ тілін үйрететін маман тапшы
Волгоград облысында 40-мыңға жуық қазақ тұрады. Олар ұлттық құндылықтарды ерекше қастерлейді. Арнайы үйірмелерде қолөнер шеберлері дәріс береді. Алайда қандастарымызды толғандыратын басты мәселенің бірі – ана тілін дәріптеу. Әсіресе жастарға үйретуге ден қойсақ, дейді. Олар ғаламтор арқылы онлайн сабақтар ұйымдастырудың жолын қарастырмақ. Бірақ, маман тапшы.
Жарасхан Жалмұхамбетов, Волгоград облысының тұрғыны:
Көптеген азаматтар балаларының ана тілін білгенін қалайды. Бірақ деңгейі сай келетін мұғалім жоқ. Қазір тек бір адам ғана қазақ тілін үйретіп жүр. Сонымен қатар кітап жетіспейді. Осы мәселелер шешілсе, қазақ тілін үйренушілер артатын еді.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
100-ге жуық тарихи нысан тазаланды
13.11.2026, 10:11
Жолдаудағы міндеттер: Тұрғындар не дейді?
13.11.2026, 10:09
«Есірткісіз болашақ» форумы өтті
13.11.2026, 10:06
Қоғамдық бақылау күшейеді
13.11.2026, 10:05
Украинаға қатысты жаңа келіссөз келесі аптада өтуі мүмкін
13.11.2026, 10:05
Вашингтондағы атыстан 1 адам қаза тапты
13.11.2026, 10:05
7 жылда 1200-ден астам медицина нысаны салынған
13.11.2026, 10:04
Емханалардағы өзекті мәселелер халықаралық конгресте талқыланды
13.11.2026, 10:02