Ақтөбеліктер Түркияға гуманитарлық көмек жіберді
Ақтөбеліктер зілзаладан зардап шеккен бауырлас түрік еліне 11 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Еріктілер мен қала тұрғындары және кәсіпкерлер жалпы құны 30 миллион теңгеден астам қаржыға жылы киімдер, азық-түлік, балалар тамағы мен гигиеналық заттарды жинаған. Сондай-ақ көрпе-көпшіктер мен басқа да қажетті бұйымдарды тиеген ұшақ Стамбулға қонады. Осы аптада көрші облыстардан жиналған гуманитарлық көмек те Түркияға Ақтөбе арқылы жөнелтілуі тиіс.
Нұрхан Тілеумұратов, облыстық Кәсіпкерлік басқармасының басшысы:
Қосымша қазіргі таңда басқа өңірлерден, қалалардан хабарласып, арғы келесі аптада тағы тауарлар, гумманитарлық көмек жіберуге жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Шымкент қаласынан, Ақтау қаласынан және Түркістан облысынан хабарласып, гуманитарлық көмек Ақтөбе қаласына жиналып, осы аэропорттан жіберіледі.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01